Еуропада коронавирустың екінші толқыны басталды

/image/2020/08/17/crop-61_26_2032x3077_074716765900.jpeg

Шетелдік басылымдар "екінші толқын басталады! Ұлыбританияда Борис Джонсонның ескертуінен кейін соңғы апталарда коронавирус ең нашар көрсеткішке жетті" деген тақырыппен ақпарат жариялады.

BBC Францияда коронавирус жағдайының өршігенін хабарлап, Париж және Буш-дю-Рона аймағы коронавирустық жағдайлардың күшеюіне байланысты "қызыл аймақ" деп жарияланып карантинге алынғанын жазды.

Нидерландыда да COVID-19 жұқтырғандардың қайта артқаны байқалған. Жағдайға байланысты Ұлыбритания билігі Франция және Нидерландыдан келетін азаматтарды 15 күнге карантинге алатынын хабарлаған. Британия басылымдары Манчестердегі коронавирус жағдайының өршуіне байланысты 14 тамыз кеште Біріккен Корольдіктің карантин жариялайтынын хабарлаған. Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон сол күні кеште бірқатар шектеулерді жариялады. 

Кейінірек британия басылымдары "премьер-министрдің ескертуінен кейін соңғы апталардағы ең нашар көрсеткішке жетті, екінші толқын басталады!" деп ақпарат жариялады.

Коронавирустың жаңа жағдайының көбеюіне байланысты солтүстік пен Мидлендтегі бірнеше қалаларда жергілікті құлыптау туралы қорқыныш күшейе түсті.

Лондонның "қызыл тізіміне" Үлкен Манчестер, Ланкашир, Батыс Йоркшир және Лестерширдегі 20 қалашық пен қала кіреді.

Бұған дейін Еуропа елдерінде коронавирустың екінші толқынының алғашқы белгілері пайда болғанын хабарланған

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар