Осы аптада Беларусь елінде жаңа ереуілдер болады деп күтілуде. Кеше елді 26 жыл билеген президент Александр Лукашенконың кетуін талап етіп көшеге шыққан адамдар саны жүз мыңнан асты.
Алайда әзірге Лукашенко кету туралы ойламайтын сыңайлы. Ол жексенбіде жақтастарын "елі мен тәуелсіздігін қорғауға" шақырған.
Алайда елде наразылық білдірушілер күн санап артып жатыр.
Жергілікті Tut.by жаңалықтар сайты бейбіт шеруді "тәуелсіз Беларусь тарихындағы ең үлкен" шеру деп сипаттады.
Оған қоса, Беларусь елін 30 жылға жауық басқарған Лукашенко басқа Еуропа елдерінің қысымына тап болды.
Жексенбі күні Франция президенті Эммануэль Макрон "Еуропалық Одақ өз құқықтары, бостандығы мен егемендігін құрметтеу үшін бейбіт түрде наразылық білдіріп жатқан жүз мыңдаған беларусь халқына қолдау көрсетуді жалғастыруы керек" деді.
Германияның вице-канцлері Олаф Шольц "Bild" газетіне Беларусь лидері "барлық легитимін жоғалтты" деп оны "жаман диктатор" деп сипаттады.
Өткен аптада Еуропалық Одақтың сыртқы істер министрлері "зорлық-зомбылық, репрессия және сайлау нәтижелерін бұрмалау" үшін жауап беретін Беларусь шенеуніктеріне қарсы жаңа санкциялар дайындауға келісті.
АҚШ сайлауды "еркін және әділ емес" деп айыптады.
Пікір қалдыру