Рудныйға жақын маңдағы туристік базада демалушылардан жауынгерлік жарылғыш зат, героин мен марихуана табылды деп хабарлайды "Қамшы" ақпараттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасай отырып.
"Қостанай облысы ІІД ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері "Көкнәр-2015" жедел алдын алу шаралары аясында Рудныйға жақын маңдағы туристік база аумағында 30 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті сөмкесінде жарылғыш зат сақтаған", - деп жазылған хабарламада.
Күдікті туристік базаға достарымен бірге келген. Олардан полицейлер героин мен марихуананың аздаған дозасын тапты. Полиция қызыметкерлерінің хабарлауынша: "қазіргі уақытта РГД-5 жарылғыш заты сот-баллистикалық сараптамасына жіберілді.
ҚР ҚК 287-бабы 1-бөлімі "Оқ-дәрілерді заңсыз сақтау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
Пікір қалдыру