"Мына кісі бүлікші". Қалалық білім басқармасының басшысы мен тұрғын жанжалы (видео)

/image/2020/08/19/crop-28_10_536x715_6fc7705c-af4e-417f-8adf-bacc8153c37c.jpg

Әлеуметтік желіде Шымкент қалалық білім басқармасына талабын айтып келен әйелдің видеосы тарады. Бейнежазба interpol_kz Instagram парақшасында жарияланды.

Видеода шымкенттік тұрғын қалалық білім басқармасының басшысы Жанат Тажиеваға өзінің талабын айту үшін келгенін жеткізді. Ал басқарма басшысы наразы әйелге "Мына кісі бүлікші болып тұр", "Өтірікші", "Арандатушы болмаңыз" деп айтқан. 

Желі қолданушыларының пікірінше, телефонның бейне камерасына түсірген әйел мектептен уақытша алған компьютерден бөлек, демеуші есебінен ноутбук алыпты. Ол мектептен берілген (уақытша, қашықтан оқыту үшін) компьютердің уақытша берілуіне қарсылық білдірген көрінеді.

 
 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар