Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан 26 адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.
"Өткен тәулікте коронавирус белгілері бар пневмонияның 1081 жағдайы тіркелді, 11 адам көз жұмды. Бірінші тамыздан бері 19 754 адам пневмонияға шалдықты, барлығы 231 адам қайтыс болды. Сонымен қатар, тәулік ішінде тағы 15 науқас коронавирустан көз жұмды. 271 адам вирус жұқтырған, оның 148 – симптомсыз пациент" делінген хабарламада.
Осы жылдың 13 наурызынан 19 тамызына дейін 103 571 адам індетке шалдықты, 1446 науқас қайтыс болды.
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 15 839 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 71 өскіншек бала бар. Стационарларда 7 383 науқас жатыр. 8 456 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 366 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 90 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 59 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
Пікір қалдыру