Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары тергеуге алынғанын хабарлады.
"Қызылорда облыстық экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары мен оның сенімді тұлғасын Алматы қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мамандары құрықтады. Күдіктілер банк шоттарының бұғаттауын шешіп береміз деген сылтаумен бір топ адаммен алдын ала сөз байласып, Алматы қаласындағы кәсіпкердің 10 миллион теңгесін қолды қылған. Олардың барлығы кәсіпкерден 10 миллион теңгені алған сәтте ұсталды" делінген агенттік хабарламасында.
Пікір қалдыру