Солтүстік Кореяның диктаторы Ким Чен Ын комаға түсті. Бұл туралы Британияның "The Mirror" басылымы мәлімдеді.
"Солтүстік Кореяның диктаторы Ким Чен Ын комаға түсті. Оңтүстік Кореяның бұрынғы шенеунігінің айтуынша, Пхеньян көшбасшысы өзінің кейбір билігін кіші қарындасына берді" делінген басылым хабарламасында.
Оңтүстік Кореяның бұрынғы басшысы Ким Дэ Чжунның көмекшісі Чан Сонг-мин Солтүстік Корея диктаторының быйыл көпшілік алдына өте сирек шығуы себебі төңірегіндегі алып-қашпа сөздер туралы пікірін айтты.
"Ким Чен Ын қатты ауырып қалған" деп хабарлайды Лондонда шығатын басылым.
– Мен оны комада жатқан деп болжаймын, бірақ оның өмірі аяқталған жоқ, – деген Сеул шенеунігі Оңтүстік Кореялық БАҚ-қа.
Бұрынғы көмекшінің айтуынша, Ким Чен Ынның қарындасы Ким Ё Джонг ел басқаруға көмектесуге дайын тұр.
Пікір қалдыру