Президент Қазақстан халқына кезекті жолдауын қыркүйекте жариялайды

/image/2020/08/25/crop-69_14_514x685_200825113528764a3687013i.jpg

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев республика халқына кезекті жолдауын жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

– Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауы 2020 жылдың 1 қыркүйек күні өтетін парламенттің кезекті сессиясының ашылуында жарияланады деп жоспарланып отыр.

Парламенттің қос палатасының бірлескен отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің дағдарыстан кейінгі кезеңдегі негізгі даму мақсаттары жайында айтады. Жолдаудың басым бөлігі экономикалық және әлеуметтік мәселелерге арналады, – деп жазды Берік Уәли.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар