Алматы полициясы жаңа туған сәбиін арыққа тастап кеткен әйелді іздестіріп жатыр. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.
Порталдың хабарлауынша, 25 тамызға қараған түні Алмалы ауданы Райымбек даңғылы бойындағы арықтан қала тұрғыны нәресте тауып алған. Куәгер оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен полиция қызметкерлерін шақырды. Бала денсаулығы мен күтімін бақылау үшін ауруханаға жеткізілді.
"Қазіргі уақытта Алмалы аудандық полиция бөлімі баланың биологиялық анасының орналасқан жерін анықтау үшін жедел іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. Полиция қызметкерлері халықтан нәрестенің биологиялық анасы жайлы кез келген ақпаратты полицияға дереу хабарлауға шақырады" делінген хабарламада.
Пікір қалдыру