Қытайдың әскери-теңіз жаттығулары жүріп жатқан кезде Американың "U-2" барлау ұшағы ұшуға болмайтын аймаққа кірді. Бұл оқиға соңғы уақттан бері сауда, адам құқықтары мен әскери операциялар жағынан қатынастары нашарлаған АҚШ пен Қытай арасындағы шиеленісті ушықтырды.
Қытайдың қорғаныс министрлігінің өкілі У Цянь өте жақын ұшуға ескерту жасады. Оның айтуынша, америкалық "U-2" барлау ұшағы Қытай азат ету армиясының солтүстік әскери аймағындағы ұшуға тыйым салынған аумаққа кірген.
Ұшақ Қытайдың әскери-теңіз күштері оқ-дәрімен жаттығу жасап жатқан кезде өткен.
Бейжің АҚШ-тың әрекеттеріне наразылық білдіріп, Вашингтонға ықтимал апатқа байланысты ресми ескерту жасаған.
Қытай өкілі АҚШ-тың ұшуы "айқын арандатушылық" болғанын және екі ел арасындағы қарым-қатынас үшін апатты болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
Пікір қалдыру