BBC "Қытай жұмысшыларға вакцина егуді бастап кетті" деген тақырыппен ақпарат жариялады.
Осы айдың басында белгілі қытайлық жеке меншік компанияның басшысы өз қызметкерлеріне Covid-19 вакцинасы нарыққа қараша айына дейін шығатынын мәлімдеген.
Компания басшысы мұны экономиканы қалпына келтірудің белгісі ретінде қарайтынын айтқан. Коммерциялық компанияның пікірлеріне сәйкес бұл оның фирмалары үшін көбірек сатуға мүмкіндік береді.
"Ковид-19 Қытайда пайда болып, кейінірек әлемге таралған" деп жазған BBC қазір Қытай коронавирус вакцинасын жасау бәсекесінде жеңіске жету үшін тынымсыз күш-жігерін салып жатқанын хабарлаған.
Өткен аптада Қытай мамандары дайындағын вакциналардың бірі мемлекеттік БАҚ-та жарияланған. Жарнамада "зертхана іншіндегі күлімсіреген әйел ұстаған кішкентай фирмалық қорап көрсетілген" деп хабарлады Лондона орналасқан БАҚ.
Қытайлық компания вакцинаның желтоқсан айына дейін сатылымға шығатынына үміттенетінін айтқан. Covid-19 вакцинасының шамамен 140 долларға барабар бағада болатыны жарияланған.
Пікір қалдыру