"Ештеңе қалмады". Баспанасы өртеніп кеткен тұрғындар көмек сұрауда (видео)

/image/2020/08/27/crop--5_-2_1595x2552_mycollages-16.jpg

2020 жылдың 20 тамыз күні Алматы қаласы Алатау ауданына қарасты Инабат көшесінің бойында орналасқан үйде түнгі уақытта өрт болды. Баспанасыз қалған Дербетхан Өсердің отбасы әкімдік пен халықтан көмек сұрайды.

Үй иесі мен куәгерлердің айтуынша заңсыз тартылған электр сымына найзағай түсуі оттың шығуына себеп болған. Жалын бүтін бір үйді шарпыған. Үш баламен үйдің ішінде отырған Ақерке Тұрдай қатты дауысты ести сала далаға шыққан. Кішкентай нәрестесін қолына алып сыртқа жүгірген ана қалған екі баланы көшеден өтіп бара жатқан адамдар құтқарды дейді. Адам шығыны жоқ, ал материалдық шығындарға келер болсақ, үйдегі жиһаздан бастап құжаттарға дейін жанып кеткен. Сонымен қатар, көрші тұрған үйде өрт құшағында қалған. Баспанасыз қалған Дербетхан Өсердің отбасы әкімдік пен халықтан көмек сұрайды.

Алатау ауданы әкімінің орынбасары Әділет Тоқтасыновтың айтуынша, сараптама нәтижесі шықпай үкіметтен ешқандай көмек берілмейді. Ал өртке оранған үйдің иелері сараптама нәтижесі шыққанша баспанасыз жүре алмаймыз деп шағымданып отыр. Тұрғындардың наразылығын тыңдауға келген әкім орынбасары үй иесінің келіні Ақерке Тұрдаймен дауласып та қалды.

Kaspi Gold

Көмек көрсетемін деушілерге:

Өсерұлы Елқоныс

Каспий голд:  5169 4931 4753 0201

                         +7 747 583 90 95

ЖСН:                920312302351

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар