АҚШ демократиялық партиядан президенттікке үміткер Джо Байденнің науқаны Қытайдың Шыңжаңдағы қазақтар мен ұйғырларға жасаған саясатын "геноцид" деп атап, Дональд Трампты шара қолдануға шақырды.
Шыңжаң аймағындағы қазақтар мен ұйғырларға және басқа да азшылық топтарға жасаған саясаты үшін Бейжің билігі халықаралық құқық қорғаушы топтар мен АҚШ заң шығарушыларының сынына ілікті.
–Қытайдың авторитарлық үкіметінің Шыңжаңдағы этникалық азшылықтарға жасаған тілсіз зорлық-зомбылығы геноцид болып саналады және Джо Байден бұған барынша қарсы тұрады...Дональд Трамп шара қолдану үшін не істейді? Ол азшылықтарға жасалған бұл түршігерлік саясатқа селқос қарағаны үшін кешірім сұрауы керек,–деген Байден сайлау науқанының өкілі Эндрю Бейтс Axios-қа берген сұхбатында.
Пікір қалдыру