Шымкент қаласына Ғабидулла Рахметоллаұлы әкім болып тағайындалды. Бұл туралы «Қамшы» порталы ҚазАқпаратқа сілтеме жасай отырып хабарлайды. Ғабидулла Әбдірахимовтың жасы 40-та. Негізгі мамандығы бойынша экономист-бухгалтер. Ол «Болашақ» бағдарламасымен Германияда магистратураны бітірген. 2013 жылдан бері президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметінде істеген.
Шымкент қаласының бұрынғы әкімі Дархан Сатыбалды Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалған.
1996-1997 жылдары - Қазақ мемлекеттік аграрлық университетінің ассистенті.
1999-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің нормативтік-құықтық жұмыстар департаментінің бас маманы, мемлекеттік қызметті құқықтық қамтамасыз ету департаментінің бөлім бастығы.
2000-2001 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының кеңесшісі.
2001-2003 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары.
2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының бірінші орынбасары.
2008 жылдың қаңтары мен қазаны аралығында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы.
2008-2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
2012-2013 жылдары - Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау агенттігінің (Монополияға қарсы агенттік) төрағасы.
2013 жылғы қаңтарда Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары болып тағайындалды.
Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.
«Құрмет» орденімен марапатталған (2006), 3 медалі бар.
Пікір қалдыру