Гүлшара Әбдіқалықова халықтың талабын орындады ма?

/image/2020/08/28/crop-159_9_891x1188_2019_05_21_gulshara.jpg

Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова журналистермен кездесу өткізіп, сауалдарға жауап берді. Бұл туралы  31-арна хабарлады.

Облыс әкімі оқу жылына дайындық, денсаулық сақтау саласындағы жұмыстар, қызылордалықтарды алаңдатқан Сырдария өзенінің тартылуы сынды мәселелерге жауап берді.

Сондай-ақ, әкім кездесуде коронавирустың күздегі толқыны, аймақтың индустриялы дамуы, экономиканы тұрақтандыру жолдары туралы атап өтті.

Әкімнің айтуынша, биылғы оқу жылындағы өзгерістер бірқатар мәселелердің тууына алып келген.

– Көптеген компьютерлер мен құралдар тозған. Мектептер 30 пайызға дейін қамтамасыз етілмеген. Бюджеттен бөлінген 176,7 млн теңге қаржыдан 2 635 планшет алынды, – деді әкім.

Ол оқушылардың білімі басты назарда екенін баса айтты.

Бұған дейін қызылордалық көпбалалы аналар балаларының қашықтан білім алуға дайын емесін айтып, әкімдіктің алдында шу көтергені хабарланған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар