Абайдың 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелері Семейдегі ұлы ойшыл атындағы театрға барып қайтты.
Абай атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театры алғашқы қазақ театрларының бірі. Оған 1917 жылы Мұхтар Әуезовтің жетекшілігімен сахналанған «Еңлік-Кебек» қойылымы дәлел бола алады.
1934 жылы театр шымылдығы Ілияс Жансүгіровтің «Кек» пьесасымен ашылды. 85 жылдың ішінде театрда 300-ден астам қойылым сахналанды. Оны 80 миллионнан астам көрермен тамашалады.
Семейдегі кәсіби орыс театры 1937 жылы құрылды. 83 жылдың ішінде бұл ұжымда талай әртіс ауысты. 1975 жылы театрға
Федор Достоевскийдің есімі берілді. Бұл ұжым бірнеше мәрте халықаралық, одақтық және республикалық фестивальдердің лауреаты атанды.
1997 жылы Абай театрының құрамына екі өнер ордасы біріктірілді. Арада бірнеше жыл өткен соң республикалық және халықаралық байқаулар мен фестивальдардың «Дариға Ай» жастар театры қосылды.
Ағымдағы жылы театрға қайта жөндеу жұмыстары жүргізілгеніне қарамастан аталмыш нысанның тарихи келбеті сақталды. Киелі өнер ордасы жарық әрі кең бола түсті. Семейліктер мен қала қонақтарын жаңа сахна мен ауа баптау жүйесі орнатылған көрермен залы күтіп тұр.
Жаңа театр маусымында өнер ордасы көрермендерін жаңа келбетте қарсы алады.
Пікір қалдыру