Мемлекет хатшысының Семейдегі «Қарағайлы» ықшам ауданында жүргізіліп жатқан құрылысқа берген бағасы

/image/2020/08/31/crop-6_5_710x1262_1-1-2.jpeg
ШҚО әкімі Даниал Ахметов Семейдегі «Қарағайлы» ықшам ауданында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының барысымен ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевты таныстырды.
2017 жылдан бері Қарағайлыда 22 тұрғын үй салынды. Сөйтіп,  1549 пәтер қолданысқа берілді. Құрылыс жұмыстарына «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» мен «Бәйтерек Девелопмент» холдингінен қаржы көздері тартылды. Оған жергілікті атқарушы билік органдары да қол ұшын берді.
2020 жылы жеті тұрғын үйдің құрылысын бастау туралы келісімшартқа қол қойылды. Бұл баспананы сатып алу құқығынсыз жалдамалы пәтер ретінде пайдалануға және жекеменшікке айналдыруға болады.  ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің шешімен Семейдегі «Қарағайлы» ықшам ауданында құрылыс жұмыстары басталған болатын. Мұндағы басты мақсат -  тұрғын үй кезегін қысқартып, өңір тұрғындарының баспаналы болуына мүмкіндік жасау.
2025 жылға дейін 133 көпқабатты тұрғын үйді қолданысқа беру жоспарлануда. Бұдан бөлек осы ықшам ауданда үш мектеп пен алты балабақша салынады.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы аясында ауданда су және жылумен қамтамасыз ету магистральдары, су тарту, телекоммуникация және электрмен жабдықтау жұмыстары толық жүргізілген. 2016 жылы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында 120 орындық жатақханасымен Назарбаев интеллектуалдық мектебі мен 320 орындық балабақша қолданысқа берілді.
2019 жылы «Қарағайлыда» мәдени-спорттық бірегей кешен ашылды. Онда әлемдік деңгейдегі спорттық және ойын-сауықтық шараларды өткізуге болады. Мәдени-спорттық кешен үш блоктан тұрады. Мұндағы ең үлкен арена көрермен залы екенін айта кеткен орынды. Сондай-ақ аталмыш кешенде бірнеше бассейн мен кроссфитке арналған зал бар. Сонымен қатар балаларға арналған ойын алаңдары да қарастырылған. Мұнда келушілердің көңілінен шығатын субұрқақ та салынған.
Қырымбек Көшербаев Семей қаласының дамуына оң бағасын беріп, «Қарағайлы» ықшам ауданы шағын қалашыққа айналғанын атап өтті.
Семей қаласын дамытудың кешенді жоспарының басты міндеті – қала тұрғындарының өмір сапасын жақсарту.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар