Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында қазақстандықтарға жолдау жасап, елдегі су тапшылығы туралы сөз қозғады.
– Технологиялық тұрғыдан ескірген суару жүйесі үлкен кедергі келтіріп отыр. Судың 40 пайызы далаға кетіп жататын кезі болады.Онсыз да су тапшылығының зардабын тартып отырған еліміз бұған жол бере алмайды, – деді Тоқаев.
Оның айтуынша, бұл сала реттелуі үшін экономикалық ынталандыру шаралары қажет.
– Осы саланың нормативтік-құқықтық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз етіп, заманауи технология мен инновацияны енгізу үшін экономикалық ынталандыру шараларын әзірлеу қажет, – деді президент.
Пікір қалдыру