Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жыл сайынғы дәстүрлі жолдауында пандемия кезіндегі білім беру жүйесіне қатысты сын айтты.
– Қашықтан оқыту ісін ұйымдастыруда үкіметтің жіберген қателігін жақсы білеміз. Ашығын айтқанда әлі күнге дейін бір онлайн платформа жоқ. Мұғалімдер, оқушылар және ата-аналар күндіз-түні whatsapp-тан бас көтермейтін болды. Толыққанды оқу үдерісі үшін өажетті барлық функциялары бар біріңғай нһонлайн білім беру плаформасын шұғыл әзірлеу қажет. Сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен, сыныптастармен араласудың орны бөлек. Санитарлы талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеген жөн. Бұл әсіресе мектептер үшін маңызды. Күнделікті мәселелерді шешумен қатар, балалардың бәріне бірдей мүмкіндік туғызу үшін жүйелі шаралар қабылдау қажет. Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек,- деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев сонымен қатар ұстаздардың жалақысын 25%-ға арттыру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Білім саласындағы мәселелердің бірі ұсатаздар жалақысының аздығы. Мен 2021 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің еңбекақысын жиырма бес пайызға көбейту жөнінде шешім қабылдадым. Жалақы мөлшері алдағы уақытта да арта береді. Бұл мақсатқа алдағы үш жылда қосымша 1,2 триллион теңге бөлінеді.
Пікір қалдыру