Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев министрліктердегі жауапты хатшылар институтын таратуды тапсырған болатын. Президент бұл құрылым өзін ақтамады деп санайды.
Президенттің үкімімен 15 шенеунік лауазымынан босатылатын болады:
- Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы – Арман Жұмабеков;
- Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы – Қанат Сәрсембаев;
- Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің жауапты хатшысы – Жанат Қожахметов;
- Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы – Бақытжан Берікбайұлы;
- Ауыл шаруашылығының жауапты хатшысы – Марат Оразаев;
- Сауда және интеграция министрлігінің жауапты хатшысы – Жәнібек Гупиров;
- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жауапты хатшысы – Аида Құрманғалиева;
- Қаржы министрлігінің жауапты хатшысы – Айдын Ашуев;
- Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің жауапты хатшысы – Әнуар Ахметжанов;
- Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің жауаптшы хатшысы – Сәбит Нұрлыбай;
- Энергетика министрлігінің жауапты хатшысы – Талғат Момышев;
- Әділет министрлігінің жауапты хатшысы – Азамат Әмірғалиев;
- Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы – Әркен Өтенов;
- Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жауапты хатшысы – Мереке Пшембаев;
- Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы – Әсем Нүсіпова.
Айта кетейік, Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік аппаратты 25 пайызға қысқартуды тапсырған болатын.
Пікір қалдыру