Қазақстанда бірнеше депутат қызметінен босатылды

/image/2020/09/02/crop-46_3_526x701_c3cd1a0f-8c30-48f8-9878-8cc5d70a6488.jpg

Қазақстанда бірнеше депутаттың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Бұл туралы парламент мәжілісінің жалпы отырысында  Нұрлан Нығматулин мәлімдеді.

Депутаттар алдымен Айзада Құрманованың депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы қаулыны бірауыздан мақұлдады. Экс-депутат қазіргі уақытта Павлодар облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. Енді Құрманова жаңа қызметінде әлеуметтік мәселелерге жауап береді. 

Экс-депутат Нұрлан Дулатбековтың депутаттық өкілеттігі де тоқтатылды. Ол қазіргі уақытта Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің ректоры қызметіне тағайындалды. 

Сондай-ақ, парламент мәжілісінің депутаты Нұрлан Әбдіровтің де өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ол күні кеше сенат төрағасының орынбасары қызметіне сайланды.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин "Нұрлан" есімді депутаттардың кетіп бара жатқанын әзілмен жеткізді.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар