Бағдат Мусин жаңа қызметке тағайындалды

/image/2020/09/02/crop-13_12_581x774_b9c766c9625b61a54ad458ff5763bba7.jpeg

Бағдат Мусин ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

"Бағдат Батырбекұлы Мусин Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалсын" делінген президент жарлығында.

Бағдат Мусин 1983 жылы 3 наурызда Павлодар облысында дүниеге келген.

Сүлеймен Демирел атындағы университетті, Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын бітірген.

2011 және 2012 жылдар аралығында ҚР БАМ Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының орынбасары болды.

2012 жылдан бастап ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және ХҚО қызметін үйлестіру комитеті төрағасының лауазымын атқарды.

2014 жылдың сәуірінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды.

2017 жылы 25 қаңтарда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнаулы есепке алу комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды.

 

Биыл наурыз айында ҚР Президентінің цифрландыру және инновациялық технологиялар жөніндегі кеңесшісі болып тағайындалған.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар