Зейнетақы жинағының бір бөлігін қандай жағдайда ала алады?

/image/2020/09/03/crop-78_8_459x815_a888b958757b0eec573d907ff174312a_xl.jpg

Зейнетақы қорындағы жинақтарының бөлігін кімдер пайдалана алатынын  еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов президент жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы брифингте хабарлады.

Министр зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үй жағдайын жақсартуға, емделуге және қаржы компанияларына басқару үшін аударуға берілетінін айтты. Сондай-ақ жинақтарының бір бөлігін кімдер қандай жағдайда ала алатынын атап өтті.

–  Біріншіден, жұмыс істеген, жұмыс істеп жүрген азаматтар, яғни бірыңғай зейнетақы қорында жарналары бар азаматтар. Егер де олардың жиналған сомасы жеткілікті шегінен асып жатса. Бұл жерде негізгі қағидат зейнетақы қорында жиналған ақшаларымызды болашақ жинақтаушы зейнетақы қорынан алатын төлемдерге арналған. Президент айтпақшы, мақсат – бәрін таратып беру емес. Бір бөлігі қалуы тиіс. Мұндай адамдар 530 мыңды құрайды.

Екіншіден, зейнет жасына жеткен адамдар олардың жинақтаушы қорында қаражаты бар болса, ол кісілер 50 пайызына дейін ала алады. Мұндай кісілердің саны 178 мыңнан асады. Оның ішінде құқық қорғау органдарының зейнеткерлеріне де таратылып беріледі, – деді министр.

Оның айтуынша, бұл жерде бір ғана шарт болады. Зейнетке шыққан азаматтардың мемлекеттен алып отырған зейнетақысын қосқан кезде оның зейнетке шыққан кездегі табысының кемінде 40 пайызынан төмен болмауы керек. Бүгінгі кезде елімізде бұл көрсеткіш 63 пайызға жетіп отыр.

– Үшіншісі зейнетақылық аннуитетті рәсімдеген азаматтардың жинақтаушы қорынан сақтандыру қорына аударғаннан кейін қорда қаражаттары қалған болса, оларды толығымен алуға болады. Мұндай 13 300 азамат бар.

Жалпы осы мүмкіндіктерді 721 мың қазақстандық пайдалана алады, – деді ол.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар