Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев энергетика министрі Нұрлан Ноғаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.
Нұрлан Ноғаев президентке болашақта Теңіз кенішін кеңейту мен ернеулік қысымды басқару жөніндегі жобалардың жүзеге асырылуы туралы баяндады. Бұл жобалар 2022 жылдың қүңына дейін мұнай өндірісін 12 млн тоннаға арттыруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ ол 2025 жылға дейін мұнайгазхимия саласында жалпы соммасы 15 млрд АҚШ долларын болатын жобалар жүзеге асыру жоспарланғанын атап өтті.
Министрдің айтуынша, жыл басынан бері қуаттылығы 432,05 МВттық жаңартылатын қуат көздерінің 15 нысаны іске қосылған. Жыл соңына дейін тағы 260 МВт жаңартылатын қуат көздерінің нысандары пайдалануға берілмек.
Ноғаев 1 қыркүйектен бастап саланы цифрландыру бағдарламасы аясында қазба байлықтарды пайдалану құқығы бойынша аукциондарды электронды форматта өткізу жоспарланып отырғанына тоқталды. Бұл конкурстық үдерістердің ашық жүруін қамтамасыз етіп, кәсіпкерлердің шығындарын азайтады.
Кездесу қорытындысы бойынша мемлекет басшысы энергетика саласын дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Пікір қалдыру