4 млн теңгеден аса пара алған шенеунік ұсталды (видео)

/image/2020/09/04/crop-134_3_423x564_2020-09-04_18-51-00.png

Шығыс Қазақстан облысында 4 млн теңгеден аса пара алған лауазымды тұлға ұсталды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.

"ШҚО-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары кешенінің нәтижелері бойынша ҚР ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің "Еңбек-Өскемен" ШЖҚ РМК-ның лауазымды тұлғасын ұстады.

Ол 2020 жылғы шілде мен тамыз аралығында жүйелі негізде бірқатар кәсіпкерлерден (шағын және орта бизнес субъектілерінен) шарттарға, орындалған жұмыстар актілеріне кедергісіз қол қойғаны және олар бойынша ақшалай қаражат аударғаны үшін жалпы сомасы 4 млн теңгеден артық соманы пара түрінде алып отырған.

2020 жылғы 28 тамызда аталған тұлғаға қатысты Өскемен қаласының мамандандырылған тергеу соты "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасын санкциялады" делінген агенттік таратқан хабарламада.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар