Күзде карантин режимі қайтадан күшейтіле ме?

/image/2020/09/04/crop-7_8_286x381_2020-09-04_19-24-33.png

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов екі аптадан кейін Қазақстанда карантин режимі қайтадан енгізу туралы қауесетке жауап берді. 

– Карантиндік шаралардың күшеюі немесе әлсіреуі біздің қоғамның тәртібі мен жүріс-тұрысына тікелей байланысты. Біз санитар дәрігерлердің талабын бұлжытпай орындауымыз керек. Ең алдымен, маска тағып, арақашықтықты сақтаған жөн. Карантиннің қатаңдатылуы немесе мүлде алынып тасталуы сіз бен біздің жауапкершілігімізге тікелей байланысты, – дейді ол. 

Ол карантин режимінің ұзартылуына байланысты былай деп пікір білдірді.

– Карантинді қатаңдату туралы ешқандай шешім жоқ. Қазір жағдайлардың саны азаюда, сондықтан карантинді одан әрі әлсірету мәселелері қарастырылуда, – деп атап айтты Қожахметов.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар