БҰҰ Масанчидегі қақытығыс туралы: Дүнгендерді қорқытып, қудалап, заң көмегін беруден бас тартқан

/image/2020/09/06/crop-38_16_817x1452_upload-325681465afdb32b1b26ef6f9a2977bd7aa925f7-pic4_zoom-1500x1500-21616.jpg

Біріккен ұлттар ұйымы (БҰҰ) Қазақстандағы этностық дүнгендердің жағдайына алаңдаушылық білдіріп жатыр. Бұл туралы қазақстандық журналист Гүлнар Бажкенова facebook парақшасында жазды. 

Журналист нәсілдік кемсітушілікті жою комитетінің өкілі Янь Дуань Лидтің төмендегі сарындағы жазбасын жариялаған.

"Мен сізге 101-сессия барысында нәсілдік кемсітуді жою комитеті Қазақстандағы дүнгендердің жағдайы туралы ақпарат алғанын хабарлау үшін жазып отырмын. Комитет бұл ақпаратты өзінің алдын ала ескерту және жедел әрекет ету процедурасының бөлігі ретінде қарастырды.

Комитетке келіп түскен ақпаратта 2020 жылдың 7-8 ақпан аралығында Қазақстанның Жамбыл облысы Қордай ауданындағы Масанчи, Сортөбе, Бұлар батыр және Аухатты ауылдарындағы дүнген емес азаматтар дүнген адамдарына қатысты этникалық зорлық-зомбылық жасаған деп айтылады. Ақпаратта осы ауылдарда тұратын дүнген азшылығына жататын екі жүзге жуық адам жараланып, мүлкі өртеніп, бірнеше мың дүнген көрші елге кетуге мәжбүр болғаны айтылады. 

Ақпаратта сонымен қатар қоғамдық күштер шағын орналасқан дүнгенгендерге тиімді қорғаныс жасай алмады деп мәлімделген. Бұдан әрі мемлекеттік органдарды дүнген азшылығына жататын адамдарды және олардың арасында сотталғандарды қорқыту және заңсыз қудалау әрекеттері, соның ішінде оларға заңдық тұрғыдан көмек көрсетуден бас тартқаны үшін айыптайды. Сонымен қатар, ақпарат қамауға алудың зиянды жағдайлары мен азаптаудың кең таралған тәжірибесіне сілтеме жасайды. Ақпаратта ашық тергеудің жоқтығы және Қордай аймағына тәуелсіз бақылаушыларды қабылдаудан бас тарту туралы айтылады".

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар