Алматы қаласы бойынша Тауарлар мен қызметтердің сапасымен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы Гүлнар Мадимарова өңірлік коммуникациялар қызметіне берген сұхбатында қала тұрғындарына ашық далада және фитнес орталықтарда жаттығу ұйымдастыру мен өткізуде енгізілген жеңілдету шараларын ескере отырып, бірқатар ұсыныстар мен кеңестер берді.
Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің 15.08.2020 «Шектеу шараларын кезең-кезеңмен жеңілдету туралы» №56 қаулысына сәйкес спортпен келесідей: ашық аспан астындағы жеке және 5 адамнан аспайтын топтық жаттығулар тәртібінде шұғылдануға болатынын ескертеміз.
«Ашық аспан аясында спортпен шұғылдану кезінде коронавирус инфекциясын жұқтырмау мақсатында жаттығушылар арасында кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтық сақталуы қажет. Жаттығу кезінде байланыс жасаудан аулақ болу керек, спорттық жабдықтарды (кілемшелерді) пайдаланғаннан кейін жуып, дезинфекциялау керек», — деп кеңес берді Гүлнар Мадимарова.
Сонымен бірге, ол денсаулықты нығайтып, иммунитетті күшейту үшін дұрыс тамақтанып, ұйқы да қанық болуы керек екенін, сонымен бірге міндетті түрде қолды таза ұстау қажеттігін айтты. Жаттығу аяқталғаннан кейін маска тағу керек.
Сондай-ақ, маман фитнес-орталықтардың жұмысы қалай жүзеге асырылатынын түсіндірді. Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің Қаулысына сәйкес, спорттық-сауықтыру орталықтары (бассейндерсіз) infokazakhstan.kz порталы арқылы нысанның дайындығы туралы хабарлама беріп, комиссияның оң қорытындысын алғаннан кейін өз қызметтерін қалпына келтіре алады.
«Фитнес орталықтар келушілердің нысандарға келушілерді толтыру бойынша талаптарды қамтамасыз етуде 1 келуші адамға 5 ш. м орын болуы тиіс. Бұл дегеніміз орталыққа келушілерді қабылдау 50%-ынан аспайды. Орталық жұмысын алдын ала жазылу бойынша ұйымдастыру керек. Спорт жабдықтарын, тренажерлерді кемінде 2 м қашықтықта орналастыру шарт. Топтық сабақтар кезінде белгілер қою арқылы оқушылар арасындағы әлеуметтік қашықтықты сақтауды қамтамасыз етіңіздер. Жалпы алғанда, жаттығу кезінде спортшылар арасындағы өзара қарым-қатынасты азайту. Бактерицидті шамдар мен ауа рециркуляторларын қолдану керек», — деді Гүлнар Мадимарова.
Сондай-ақ, ол келушілерге коронавирус инфекциясын жұқтырудың алдын алу мақсатында, әр 2 сағат сайын оқу-жаттығу процесі өткізілетін жұмыс орындары мен ғимаратты желдету қажет екенін атап өтті. Ғимараттың ауданына байланысты қызметкерлердің клиенттермен тікелей байланысын барынша азайту, спорт сабақтарын өткізуді қоспағанда, келушілердің маска тағып жүруін қамтамасыз ету керек.
Өндірістік және тұрмыстық ғимараттарға әр 3 сағат сайын ылғалды санитариялық тазалау жұмыстарын жүргізу міндеттеледі. Атап айтқанда, есіктің тұтқалары, сөндіргіштерді, сүйеніштерді, спорттық жабдықтарды, үстелдерді, орындықтарды, жалпы пайдалану орындарын: киім ілетін орындарды, тамақтану, демалыс бөлмелерін, санитарлық бөлмелерді дезинфекциялау керек.
Пікір қалдыру