Алматыда сантехник бір отбасын пышақтап тастаған. Көршілердің айтуынша, қылмысқа ақша себеп болуы мүмкін. Ресми орындар қазіргі уақытта тергеу басталғанын хабарлады.
Жантүршігерлік оқиға екі қабатты үйде болған. Куәгерлердің айтуынша, сантехник азамат сол күні пәтерге жөндеу жұмыстарын жасауға келген. Артынша үй иелерімен сөзге келіп қалған.
Оқиға куәгері Оксана Феллер, қанды оқиғаны көзімен көрген. Оның айтуынша, пәтерде анасы мен оның 32 жастағы қызы болған.
– Марқұм Инна сантехник азаматты ғаламтор арқылы тапты. Бір күн бұрын шақырып, алдын-ала 250 мың теңге берген. Негізі араларында ақшаға бола ұрыс болды дегенмен келіспеймін. Керісінше қаскөй бұлардан ақша ұрламақ болған. Сондықтан бәрін пышақтап тастаған. Қылмыскер 32 жастағы қызына пышақ салғанда көмекке ұмтылған анасы мен көршісі де жарақат алған, – куәгер Оксана Феллер.
Қызын құтқармақ болған анасының да жағдайын дәрігерлер тым ауыр деп отыр. 35 жастағы көршісі де ауруханада жатыр.
– Жүректің сол жақ қарыншасының жарақатымен, сол жақ кеуде қуысының пышақпен кесілген бірнеше жарақаттары, сол жақ өкпенің төменгі бөлігің жарасы, мойын тамыры мен шаптың пышақпен жараққаттануы. Науқас реанимациялық бөлме жағдайында ем алуда. Жалпы жағдайы ауыр, – дейді , Алматы қалалық қоғамдық денсаулық басқармасының баспасөз қызметінің маманы Ақшолпан Жүсіпова.
Қалалық полиция департаменті, күдіктінің бұрын сотталғанын айтты. Тергеу кезінде ол өз кінәсін толық мойындаған.
– Қазіргі таңда Қылмыстық кодекстің 99 бабының 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Азамат қамауға алынды. Пышақ бойынша арнайы сараптама тағайындалды. Бұрын бұл азамат істі болған мүліктік қылмыстар жасағаны үшін. Қазір күдікті азаматқа "адам өлтіру" бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал мәйіт пен жарақат алған жандарға сот медициналық сараптамасы тағайындалған, – деді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Пікір қалдыру