Президент Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 2000 жылы 3 сәуірде қол қойған мәдениет саласында мемлекеттік стипендия тағайындау туралы Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың сайты хабарлады. Жарлық мәтінінің толық нұсқасы төменде ұсынылып отыр.
"Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы"
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы мемлекеттік стипендиясын тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 3 сәуірдегі № 369 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 185-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының мәдениет саласындағы жыл сайынғы 75 мемлекеттік стипендиясы айына 55 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде тағайындалсын.».
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Пікір қалдыру