Бұл туралы Елбасы Ақордада өткен қазақстандық кәсіпкерлермен кездесуі барысында мәлімдеді.
Нұрсұлтан Назарбаев теңгенің құнсыздануы мен экономикалық саясатта енгізілген жаңа жүйеге қатысты наразылық акцияларын немесе митингтер ұйымдастырып, елдің тыныштығын бұзуға әрекеттенгендер қатаң жазаланатынын ескерткен. Бұл туралы «Қамшы» порталы жазады.
«Егер тыныштықты алатын «провокаторлар» шығатын болса, құқық қорғау органдары тиісті тапсырмасын алатын болады. Ондайларды қатаң жазалайтын боламыз»,-деді мемлекет басшысы.
Сондай-ақ, «Біз мұндай қатаң шараларды елдің тыныштығы мен келешегі үшін қабылдап отрмыз»,-деді Елбасы.
«Құқық қорғау органдары сәйкесінше тапсырма алды, қатаң тыйю керек. Қазір қиын сәт және банктерді бопсалап, көшелерде ұрандататын адамдар болуы мүмкін. Мұндай адамдарды тыятындығымызды мәлімдеймін. Ренжитін болмасын. Мұның барлығы жақсы өмірден немесе біздердің ахуалды нашарлатуымыз үшін жасалып отырған жоқ. Біз мұны саналы түрде және біздің азаматтарымыздың әл-ауқаты үшін жасаудамыз», – деді Елбасы.
Нұрзат Тоғжан
Пікір қалдыру