Шыбынсыз өткен жаз*демекші, тынышсыз өткен жазды өткердік ә биыл. Біздің билік халықты қорқытуды ашық түрде айтатын болыпты. Жазалаймыз деген сөзді күмілжімей айтып жатыр ғой. Жазаласын. Бұдан артық қандай жаза бар? Бір күннің ішінде 40 пайыз несібемізден қағылсақ та қыңқ етпейтін қазақпыз ғой. Содан соң, *доллардың қымбаттағына менің қылшығым қисаймайды* деп айтпаңыздаршы. *Менде доллар жоқ* деп жазып жатыр. Біріншіден, доллар қымбаттаған жоқ, теңге құнсызданды. Долларға айналып, шетел асып кеткен Швейцария банкіндегі несібенің барлығы сіздердікі ғой. Айналымда жүрген құнсыз теңгелер де сіздің несібеңіз ғой. Демек ертең жалақы аларда ол ұнжырғасын түсірген қалпында түкке дәрмені жетпей сүмірейіп алдыңызға келеді деген сөз. Сонда аузыңыздан жырып алынып жатқан несібеге қалай қылшығыңыз қисаймайды? Байшыкештер мен бишікештердің есебі түгел. Олар шамалары жеткен жерге дейін ұлттық қазынадан ақша бөліп,Теңгені құсыздандырмай ұстап тұрды. Өз есептері түгелденіп болған соң, "ашық дәліз" бұйданы босата салды. Енді біздің дәрменсіз қалпымызға, бас көтере алмайтын енжрлығымызға миығынан күліп отырған шығар.
Айнұр Төлеу
Пікір қалдыру