Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңатілек ауылының тұрғындары интернеттің орнатылмағанына шенеуніктердің үстінен шағымданды.
Тұрғындардың айтуынша, өткен оқу жылының соңында интернеттен проблема туындап, әкімдікке шағымданған. Ал, атқамінерлер бұл мәселені сабақ басталғанша шешеміз деп уәде берген. Бірақ әлі күнге уәде орындалмапты.
– Әкім оқу жылына дейін құрып береміз деген, бәрін қызықтырып қойды. Бірақ әлі жоқ. Менің үйімде мүмкіндігі шектеулі бала бар. Оған интернет керек, ол үйде оқиды. Сол бізде WhatsApp ашылмайды, интернет жоқ. Карантин бітсін құрамыз деген, одан бері тұр. Сымдары кіріп тұр, бірақ жоқ интернет, – облыс тұрғыны.
Аудан әкімі Қанат Каримтовтың айтуынша, интернет желісі қазіргі таңда орнатылып жатқанын жеткізді.
– Қайырлы кеш! Жаңатілек ауылында талшықты оптикалық байланыс арқылы интернет желісі орнатылуда. "Қазақтелеком" АҚ жүргізіп жатыр жұмыстарын. Қазіргі таңда ауылдағы 197 үйдің 172-сіне интернет кіргізілді. Ал, оқушылар беллайн желісімен онлайн мектеп платформасында сабақ алуда. Интернет бар оқушыларда , коронавирус індетіне байланысты "Қазақтелеком" жұмыскерлері тамыздың 17-снен бастап ауылға жұмыстарға кірісіп кетті. Бүгінгі жауаптары осы айдың 20 жұлдызына дейін бүкіл үйлерге интернетті орнатып береді. Ал, енді оқушыларға бізде он бала бар 213 баланың ішіндегі 10 баланың үйлерінде интернет жоқ. Олар бірақ беллайн мобильдік желісімен, – дейді әкімі.
Пікір қалдыру