Қытай мен Үнді әскерінің қақтығысы делінген видео жалған (видео)

/image/2020/09/11/crop-208_104_559x993_snimok-ekrana-158.png

Қытайдың әлеуметтік желілерінде Ұндістан мен Қытай арасындағы шекараның даулы учаскесінде қос елдің әскери күштері арасындағы қақтығыстың видеосы тарады. Бұл туралы South China Morning Post сайты хабарлады.

Жазба интернетте алғаш 8 қыркүйекте жарияланған. Бейнежазбада жұдырықтасып, дубинкамен бірін-бірі ұрып жатқан адамдар таулы аймақта мәселелерін шешіп жатқан Қытай мен Үндістан әскери күштері делінген. Алайда өзінің сенімді дереккөзіне (әскери сарапшы) сүйенген қытайлық басылым видеоның жасанды екенін және оның "бірнеше ай бұрын" жасалғанын хабарлады. Дереккөз әскери күштер "ұстамдылық танытып" атыс қаруын қолданбағанын атап өткен.

15 маусымда Үндістанның Ладах аймағындағы Галван алқабында үнді және қытай әскери күштері арасында жанжал болғанын еске салған басылым, оның нәтижесінде кем дегенде 20 үнді әскері қайтыс болғанын жазды. Сол кезде Бейжің оқиғадан қанша адам зардап шеккенін айтудан бас тартқан.

Өзін анонимді түрде жариялауды сұраған әскери сарапшының айтуынша, видеодағы қақтығыс 15 маусымда болған жағдай емес, бұл мамыр айында Галван алқабында болған.

"Олардың қаруларына қарағанда, бұл бейне ертеректе болған қақтығыс, өйткені біз екі жақтың да мамыр айынан кейін ғана өздерінің жабдықталған бөлімшелерін жібере бастағанын білеміз" деді сенімді дереккөз.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар