Қызылордада адам өлтірді деп айыпталған күдікті екі жылға сотталды

/image/2020/09/11/crop-7_10_923x1231_mycollages-37.jpg

Қызылордада адам өлтірді деп айыпталған күдіктіге үкім шықты. Ол екі жылға бас бостандығынан шектелген. Жапа шегуші тарап, бұл үкіммен келіспейтіндерін айтты, деп хабарлады astanatv.kz.

Қайғылы оқиға биыл ақпан айында болған. Қайтыс болған баланың анасы әлдекімнің пышақтап өлтіріп кеткенін айтты.  

– Бауыздап кеткен адамды екі жыл беріп, қазір бостандықта жүр деген есеп. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевқа, Ішкі істер министріне, сосын Қазақстанның бас прокурорына үндеу жазып, видероликпен жаздым. Енді аппиляцияға жазып жатырмын, – дейді жәбірленушінің анасы Жанат Кенжеева.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының мәліметінше, сотталушы қорғану мақсатында жәбірленушіге суық қару жұмсаған. Алғашында "Адам өлтіру" бабымен іс қозғалғанымен, кейін іс қайта қаралған.

– Сотталушы бүгінгі таңда 102-баптың санкциясында көзделген екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Яғни бұл жерде қажетті қорғаныс шегінен шығып адам өлтірген. Қылмыстық процестік 337-бабының 7-бөлігіне сәйкес 99-бап 102-бапқа қайта сараланып сот үкімі қабылданды, – деп айтты облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының кеңсе меңгерушісі Әл-Фараби Жақсылықова.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар