Жынын келтірмеуді сұраған шенеунік жаңа қызметке тағайындалды

/image/2020/09/14/crop-87_14_476x846_9292431.jpg
Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып келген Серік Жұманғарин президент жарлығымен бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.
 
Серік Жұманғарин бұған дейін ұлттық экономика вице-министрі, монополияға қарсы ведомствоның төрағасы, өңірлік даму вице-министрі қызметтерін атқарған.
 
Монополияға қарсы комитеттің өңірлік бөлімшелерін басқарып, 2019 жылы еуразиялық экономикалық комиссияның алқа мүшесі болып тағайындалған.
 
Серік Жұманғарин ұлттық экономика вице-министрі болып тұрғанда журналистің тариф туралы сауалына "жынымды келтірмеңізші" деп жауап беріп, артынан бейәдеп сөзі үшін кешірім сұраған болатын.
 
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар