Қырғызстанда тау көшті (видео)

/image/2020/09/15/crop-36_5_251x446_5584a13dad01cf042939512dec2bca26-slider.jpg

Қырғызстанның Нарын облысы Қара-Кече көмір кенішінде тау көшті деп жазады eadaily.com.

"Дыйқан Қара-Кече автожолы бойында Қара-Кече тауы сілемдерінің бірі көшіп, электр желілері мен өзен арнасы және жолды басып қалды. Зардап шеккендер жоқ" делінген қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Елдің премьер-министрі Құбатбек Боронов төтенше жағдайдың салдарын жылдам жоюды тапсырды.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар