Қазақстан Белоруське неге әскер жібергелі жатыр?

/image/2020/09/16/crop-38_88_693x1233_img_3162.jpg

Қазақстан қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникация департаментінің өкілі, майор Ғани Нүсіповтың айтуынша, аталған әскери жиын Беларусьтің ішкі саяси жағдайымен байланысты емес.

– "Нерушимое братство" жиыны 2012 жылдан бері жыл сайын ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы елдерінің бітімгерлік күштері арасында өтіп келеді. Биыл шараға Қазақстан жағынан бірнеше адам жедел топ сапында бақылаушы ретінде қатысады. Олар бітімгерлік операцияларындағы ұйымдардың тәжірибесі мен ерекшелігін зерделейді, – деді ол.

Сондай-ақ министрлік оқу-жаттығуды Белорусь аумағында өткізу ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының 2018 жылы бекітілген 2025 жылға дейінгі ұжымдық қауіпсіздік келісімі аясында жүзеге асатынын хабарлады.

Бұған дейін президент сайлауынан соң азаматтардың наразылық акциялары басылмай тұрған Белоруське Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан, мен Тәжікстан елдерінің әскері аттанатыны туралы ақпарат тараған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар