Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы тапсырысымен "Волонтерлік бастамаларды қолдау бойынша іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу" жобасы аясында "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын грантқа ие болатын 22 жеңімпазға конкурс жариялайды.
Конкурс мақсаты:
Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы волонтерлік бастамаларды қолға алып жүрген белсенді жастарды анықтау;
Конкурс міндеттері:
Еріктілер институтын дамыту;
Волонтер жастардың әлеуметтік жобаларын іске асыруға қолдау көрсету;
Белсенді жастардың волонтерлық бағыттағы мәселелерін шешуге жәрдемдесу;
Жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, өз ісіне сүйіспеншілікпен қарауға баулу;
Байқауға Нұр-Сұлтан қаласының 14-29 жас аралығындағы белсенді жастары қатыса алады.
Байқау мерзімі: 2020 жылдың 10 қыркүйек пен 25 қыркүйек аралығы
Жобалар келесі бағыттар бойынша қабылданады:
Экологиялық ағарту жұмыстары бойынша волонтерлік жобалар;
Оқушы, студент жастар мен әлеуметтік топтарға білім беруге бағытталған жобалар;
Балалар және қарттар үйіндегі адамдарды қолдауға бағытталған жобалар;
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды қолдауға бағытталған жобалар;
Мәдени-тарихи мұраны сақтау және дамыту, тарихи ескерткіштерді, мәдени-мемориалдық кешендерді қалпына келтіру және сақтауға бағытталған жобалар;
Құқық қорғау және табиғи, техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша жобалар;
Инновациялық жобалар;
Ғылыми жаңалықтар;
Информатикалық бағдарламалау;
Бизнес идеяларды іске асыратын жобалар;
Экспедициялар мен экскурсиялар ұйымдастыруға арналған жобалар;
Әлеуметтік мәдени және спорттық жобалар;
Шығармашылық және қайырымдылық іс-шаралар
Қоғамның әлеуметтік мәселелерді жариялайтын журналисттер немесе блогерлер;
Медициналық бағыттағы және карантин кезінде іске асырылатын жобалар;
Әдебиет пен тілге қатысты жобалар;
Жастар белсенділігін дамытуға арналған жобалар;
бапқа сай келетін басқа бағыттар.
Карантин режимі күшейтілген жағдайда жобалар онлайн/офлайн форматта жүргізіледі.
Өтінімдер volonter_zhastar@bk.ru, volonter.zhastar@gmail.com почтасына жіберілуі тиіс.
Байқау ережесі мен өтінімдерді +7 747 933 91 09 байланыс нөмірінен ала аласыз.
Немесе өтінімдерді мына жерден (ереже правила) көшіріп алсаңыз болады.
Пікір қалдыру