"Уганданың солтүстік-шығысындағы түрмеден 200-ден астам тұтқын қашып кетті" деп мәлімдеді жергілікті шенеуніктер. Уганда қауіпсіздік күштері оларды табуға тырысып жатыр.
Тұтқындар бір сарбазды өлтірген. Армия мен түрме шенеуніктері 15 мылтық пен оқ-дәрімен шығып кеткен қашқындарды іздестіруде.
Армия өкілі екі адам тұтқынға алынып, тағы екеуі өлтірілгенін айтты. Түрме мекемесі Морото тауының бөктерінде, қаланың шетінде салынған.
Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, сотталушылар түрмедегі ерекше сары киімдерін шешіп, жалаңаштанып қашып кеткен.
Пікір қалдыру