ҚР Үкіметінің төтенше резервінен Ливанға 100 мың доллар (42 млн теңгеден астам) есебінде гуманитарлық көмек беру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Үкіметі сайтында "Ливан Республикасына ресми iзгiлiк көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен қаражат бөлу туралы" қаулысында жарияланды.
Қазақстан ізгілік көмек үшін керекті қаражат табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2020 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген үкіметтің төтенше резервінен алынбақ.
Қаражатты заңнамада белгіленген тәртіппен арнайы банктік шотқа аударуылады.
Бұған дейін Бейрут теңіз портында жойқын жарылыс болған. Оған алты жыл ішінде 2750 тонна аммиак селитрасының дұрыс сақталмауы себеп болған. Жарылыс салдарынан кем дегенде 150 адам көз жұмып, 5000-ға жуық адам жарақат алды. Төтенше жағдай салдарын жою мақсатында Қазақстан әскери дәрігерлер тобын Ливанға жіберген. Қазақстандық дәрігерлер екі апта бойы бірнеше жүздеген жергілікті тұрғынға көмек көрсетті.
Пікір қалдыру