АҚШ президенті Дональд Трамп сейсенбіде АҚШ-та 200 мың адам COVID-19-дан өлгені "қорқынышты" және "ұят" жағдай екенін айтып, коронавирус үшін Қытайды халықаралық жауапкерлішікке тарту керектігін мәлімдеді.
"Бұл ұят" деді Трамп журналистерге Питтсбургтегі науқан митингісіне барудан бұрын.
– Ақпараттар бойынша, бізде ешкім ауырмауы керек еді. Біріккен Ұлттар Ұйымындағы менің сөйлеген сөзімді көрдіңіздер. Қытай мұны шекарасында тоқтатуы керек еді, олар коронавирустың бүкіл әлемге таралуына ешқашан жол бермеуі керек еді, – деді Трамп.
Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында Қытайды қатты сынады және өлімге әкелетін вирус шетелге таралмай тұрып мәліметтерді жасырған авторитарлық Бейжіңді халықаралық жауапқа тартуға шақырды.
Пікір қалдыру