Бұрынғы вице-министр Ерік Байжүнісовке қадағалауға арналған білезік тағылды

/image/2020/09/29/crop--2_44_843x1499_mycollages-9.jpg

Ұлттық дәрі-дәрмек сараптау орталығының бас директоры Ерік Байжүнісовке қатысты бірнеше рет пара алды деген күдікке байланысты үй қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы тағайындалды. Бұл туралы  Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

Департамент электронды қадағалаушы білезіктің экс-вице-министрге тағылғанын нақтылады.

"Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша мән-жайды жан-жақты, толық және объективті тергеуге бағытталған зерттеу жүргізіліп жатыр. Тергеу мүдделері үшін қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етілмеген. Істің соңғы бағасын сот береді" делінген хабарламада. 

Ерік Байжүнісов – Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген хирург. Ол 2010-2014 жылдар аралығында денсаулық сақтау вице-министрі болды.

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының бастығы, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры қызметтерін атқарды. 2020 жылдың 4 тамызынан бастап "Ұлттық дәрі-дәрмек орталығы" РМК-ны басқарады.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар