Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров өзінің Telegram-арнасында Таулы Қарабахтағы қақтығыс туралы айтып, тараптарды қантөгісті тоқтатуға шақырды.
– Бүгін Таулы Қарабах, Әзірбайжан және Армениядан үрейлі жаңалықтар қайта келіп жатыр. Осы ұзаққа созылған қақтығысқа қатысқан барлық тараптар бір-бірін айыптап жатыр. Қарудың барлық түрлерінен оқ атылды және соның салдарынан бейбіт тұрғындар құрбан болды
Кавказ – ежелгі мәдениеті бар көптеген халықтар өмір сүретін территория. Олардың барлығын туыстық, тарихи және мәдени тамырлар біріктіреді. Сондықтан кез-келген кавказдық үшін көршінің бақытсыздығы жат емес, бұл оған тікелей қатысты. Барлық ауыртпалыққа қарамастан, біздің, кавказдықтардың әдет-ғұрпын ұстау керек. Біздің әкелеріміз бен аталарымыз әрқашан дәстүрлерімізге сүйеніп, құрмет, теңдік, бауырмалдық, намыс, батылдық заңдарына басымдық берді, – деді Қадыров.
Ол бауырлас әзірбайжан мен армян халықтарын қақтығысты ақыл мен адамгершілікті түсінуден алшақтатып жатқан мағынасыз қантөгісті тоқтатуға шақырды.
Таулы Қарабақтағы жағдайға Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков та түсініктеме берді.
– Біз ұрыс қимылдары дереу тоқтатылып, қақтығысты шешу процесі, сондай-ақ қазіргі шиеленістің салдары саяси және дипломатиялық арнаға ауысуы керек деп санаймыз, - деді Кремль өкілі.
Песков атап өткендей, қазіргі кезде "кімнің дұрыс, кімнің бұрыс екендігімен айналыспай", соғыс қимылдарын тоқтату маңызды.
Таулы Қарабах – Әзірбайжан мен Армения арасындағы 30 жылға созылған даулы территория. Мұндағы ұрыс қимылдары 27 қыркүйекте басталды. Қақтығыстың өршіп кеткені үшін тараптар бір-бірін айыптады.
Әзірбайжанның мәлімдемесіне сәйкес, Арменияда 550-ден астам адам қаза тапты және жарақат алды.
Пікір қалдыру