«Алматы – біздің мәдени астанамыз» — зиялы қауым өкілдері мегаполис тұрғындары мен қонақтарын қала күнімен құттықтайды.
Бүгін Қазақстанның ірі мегаполисінде қала Күні тойлануда. Осыған байланысты зиялы қауым өкілдері Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарын құттықтайды. Олардың арасында Алматы қаласы Мемлекеттік қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек те бар.
«Мен Алматыға 50 жыл бұрын келдім. Содан бері осы қалада тұрамын. Мен барлық уақыттың куәсі болдым. Қаланың қалай дамып, өркендегені көз алдымда болып жатты. Соңғы жылдары көптеген жұмыс атқарылғанын айта кету керек. Біз көшелердің, қала кеңістігінің өзгергенін көріп жатырмыз. „Болмыс – сананы анықтайды“ деген бір жақсы сөз тіркесі бар. Яғни, адам өзі тұрған жері мен ортасына ұқсайды. Жоғарыда айтып кеткенімдей, қаланың өзгерген бірнеше кезеңдерін көрдім. Біздің жаңа буын ұрпағымыз, жастарымыз бүгінгі Алматыға қарап, сана-сезімдері дұрыс қалыптасып, мәдени дамуыларына зор ықпал етеді деп санаймын», — деді театр басшысы.
Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек қаланы трансформациялау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды да атап өтті.
«Мәдениет көзі – өнер. Егер біз, өнер адамдары, қызметіміз арқылы адамдарға, олардың рухани дамуына ықпал ететін болсақ, онда қала әкімшілігі тартымды, сәулетті қаланың сыртқы пішінін жасай отырып, біз сияқты Алматы тұрғындарының мәдени санасына тең дәрежеде әсер етеді. Бұрын болған Алматы мен қазір көріп отырған Алматының арасындағы үлкен айырмашылық бар. Алматы – біздің мәдени астанамыз. Біз адамдарды, олардың мәдениетін, өткенін олардың өмір сүру ортасына қарап бағалаймыз. Біздің қаламызға келген шетелдік қонақтар халқымыздың мәдениетін, тарихы мен дәстүрін жоғары бағалайды деп ойлаймын. Мен қала әкімшілігіне осы күнге дейін атқарған және қазір жүргізіп жатқан жұмыстары үшін алғыс айтамын. Өз атымнан, біздің мемлекеттік қуыршақ театрымыздың атынан алматылықтарды бүгінгі қала күнімен шын жүректен құттықтаймын. Одан әрі гүлдене беруіне, дамуына тілектеспін!» — деп Оразәлі Ақжарқын-Сәрсенбек өз тілегін білдірді.
Пікір қалдыру