Тіл комитеті этнос өкілдерімен семинар өткізеді

/image/2020/09/30/crop-3_12_355x632_32798.jpg

Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Этно-мәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен 30 қыркүйек күні 11:00-де онлайн режимде әҚазақ тілін ұлтаралық қатынас тіліне айналдырудың тиімді жолдарыә тақырыбында семинар-кеңес өткізеді.

Шараның мақсаты – мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауындағы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлін күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру туралы идеясын және халық үніне құлақ асатын мемлекет міндетін жүзеге асыру жолдарын қарастыру.

Аталған семинар-кеңес президенттің "Ана тілі" газетіне берген арнайы сұқбатынан туындайтын "Қазақ тілін жақсы білетін өзге ұлт өкілдерін қолдау" туралы тапсырмасын жүзеге асыру мен қазақ тілін елдегі ұлтаралық қатынас тіліне айналдыру бағытындағы ұсыныстарды талқылау, шешу жолдарын айқындауды мақсат етіп көздейді.

Онлайн бас қосуда Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, этно-мәдени бірлестіктің басшылары мен оқытушылары пікір алмасып, ұсыныстарын айтады.

Шарада Павлодар облыстық еврей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы Татьяна Сливинская, "Ватра" Украин мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега, "Қырғызстан-Астана" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Шавкат Исмаилов, "KAZAKH INVEST" ҰК АҚ баспасөз хатшысы Николай Путилин баяндама жасайды.

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар