Денсаулық сақтау министрлігі бұрынғы министр Елжан Біртанов пен экс-вице-министр Людмила Бюрабекова "қайда жүр" деген сауалға түсінік берді.
Президент Тоқаевтың жарлығына сәйкес Елжан Біртанов 25 маусымда денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылған. Ал, экс-вице-министр Людмила Бюрабекова 23 қыркүйекте қызметтен кетуге өтініш берген.
Денсаулық сақтау министрлігі аталған тұлғалардың қазір қайда жүргені туралы ақпарат жоқ екенін мәлім етті.
"Министрлікте Е.А. Біртанов пен Л. В. Бюрабекованың одан арғы жұмыс орны туралы мәліметтер жоқ" деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Елжан Біртанов отставкаға кету себебін коронавирус инфекциясына шалдығып, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ екенімен түсіндірген.
Алайда әлеуметтік желіде Біртанов пандемиямен күресте дәрменсіздік танытқандықтан кеткені туралы пікірлер жазылған.
Пікір қалдыру