"Кепілдік беру қиын". Алексей Цой қатаң карантинге қатысты ескерту жасады

/image/2020/10/01/crop-151_10_545x727_1593500283.jpg

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой енгізілген карантиндік шаралардың нәтижелері бойынша қандай қателіктерді ескеру қажеттігін айтты.

– Карантинде өткізген уақыттан қорытынды шығарып, сабақ алуымыз қажет. Біз денсаулық сақтау саласын дайындап қойдық. Ауруханадағы төсек орындардан бастап жасанды тыныс алдыру аппараттарына дейін. Біз әрқашан назар аударатын маңызды мәселе: сақтық шараларын сақтау және әлеуметтік арақашықтықтың ескерілуі. Дегенмен де, бұл мәселелерге кепілдік беру қиын, – деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Сондай-ақ министр азаматтардың қоғамдық орындарда режимді жиі сақтай бермейтінін атап өтті.

– Құқық қорғау органдары біздің аумақтық департаменттермен бірлесіп жұмыстар жүргізуде. Өкінішке орай, айыппұлдар өте көп. Олар айдан айға өсуде. Бұл біздің елде режимнің сақталмағанын көрсетеді. Әзірге біздің жағдайымыз тұрақты. Егер сақтық шараларын сақтасақ, карантин енгізбеуге болады. Бұл біздің қолымызда. Ал тәртіп бұзушылықтар тыйылмаса, карантин енгізу туралы кеңес беруге тура келеді, – деп ескертті Алексей Цой.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар