АҚШ президенті Дональд Трамп өзінің және әйелі Меланидің коронавирус жұқтырғанын айтты. Бұл туралы ол өзінің Twitter парқшасында жазды.
"Бүгін бірінші ханым екеуміз COVID-19 сынамасының нәтижесін алдық. Екеумізде коронавируспен ауырып жатырмыз. Біз карантинге кетіп, қалыпқа келу процесін дереу бастаймыз. Біз оны бірге өткіземіз!" делінген Трамп жазбасында.
Бұған дейін Трамп оның кеңесшісі Хоуп Хикстен коронавирус анықталғаннан кейін CОVID-19 індетіне сынама тапсырып, жауабы шықпастан карантинде жатқанын мәлімдеген болатын.
Президенттің ең жақын кеңесшілерінің бірі Хоуп Хикс Трамппен 29 қыркүйекте пікірсайысқа және 30 қыркүйекте Миннесотадағы митингке барған кезде бірге жүрген.
Пікір қалдыру