Атырауда оқушылар үй тапсырмасын орындау кезінде жарақат алған

/image/2020/10/02/crop-109_0_294x294_unnamed-7.jpg

Атырау облысында интернет сигналын іздеп, биік жерге шықпақ болған екі оқушы абайсызда құлап жарақаттанды. Бұл туралы Newtimes.kz хабарлады.

Порталдың хабарлауынша, Жантерек және Тасқала ауылының оқушыларына тапсырмаларды мұғаліміне жіберу үшін интернет сигналын іздеп, биікке көтерілуге тура келген.

– Жантерек ауылының он жасар оқушысы интернет сигналын іздеп, ауладағы тракторға мінген. Абайсызда тракторда құлап, салдарынан иығын сындырып алды. Ал екінші оқиға Тасқала ауылында болды. Бұл жасөспірім де интернеттің байланысы нашар болған соң, сигнал іздеймін деп аулада салынып жатқан үйдің белтеміріне көтеріліп, абайсызда білегін сындырған, – деді облыстық балалар ауруханасының травматолог дәрігері Руслан Жанбекеев.

ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ: "ЖАЛҒАН: "АТЫРАУДА ОҚУШЫЛАР ҮЙ ТАПСЫРМАСЫН ОРЫНДАУ КЕЗІНДЕ ЖАРАҚАТ АЛҒАН"

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар